Қазіргі таңда ақшаны қай валютада ұстаған дұрыс?

93

 

БАҚ өкілдерінің бұл сұрағына Үкіметтің баспасөз орталығында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

–Бұл жерде әркімнің өзіндік стратегиясы жеке сипатқа ие. Бәрі де әр азаматтың өзінің шығынына байланысты. Егер сіздің шығыныңыз – ұлттық валюта, яғни теңге арқылы шығып жатса, әлбетте қаражатты теңгемен сақтаған абзал. Ал егер шығыныңыз басқа валюта арқылы шығып жатса, онда қаражатыңыздың бір бөлігін сол валютада сақтаған дұрыс. Менің жеке пікірім осындай, – деді Руслан Дәленов.

Еске сала кетсек, кеше кейбір валюта айырбастау орындары бір долларды 400 теңгеге бағалап, ел ішінде едәуір алаңдаушылық болған еді.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *