Наурыз мейрамында қосымша пойыздар іске қосылады

433

Наурыз мейрамына сәйкес  «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша пойыздарды іске қосатынын хабарлайды.

Қосымша поездар қосылатын бағыттар:
— №207/208 «Алматы-2-Шымкент» бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 19, 23, 26 наурызда, Шымкенттен 20, 24, 27 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;
— №209/210  «Алматы-2-Түркістан» бағытындағы пойызға Алматы-2  стансасынан 24 наурызда, Түркістаннан 25 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;
— №241/242  «Қызылорда-Атырау» бағытындағы пойызға Қызылорда стансасынан 20, 24, 28 наурызда, Атыраудан 21, 25, 29 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;
— №215/216 «Ақтөбе-Бейнеу» бағытындағы пойызға Ақтөбе стансасынан 20, 22, 24, 26, 28 наурызда, Бейнеуден 21, 23, 25, 27, 29 наурызда жөнелтілетін 5 рейс;
— №6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 24, 25 наурызда, Атбасардан 24, 25 наурызда жөнелтілетін 2 рейс;
— №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан  21 наурызда, Павлодардан 22 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;
— №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 20, 23, 25 наурызда, Павлодардан 20, 24, 25 наурызда жөнелтілетін 3 рейс.
Сондай-ақ:
— №702/701 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2» бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан ағымдағы жылғы 20 наурызда, Алматы-2 стансасынан 21 наурызда жөнелтілетін 1 қосымша рейс;
— №301/302 «Алматы-2-Новосибирск» бағытындағы пойызға Алматы-2  стансасынан 2 сәуірде, Новосибирскіден 4 сәуірде жөнелтілетін қосымша рейс іске қосылады.
Ұлттық тасымалдаушы ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағытындағы жаңа пойыз «Тұлпар-Тальго» вагондарымен күн ара Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан тақ күндері жөнелтілетінін еске салады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *