Коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан 3 кісі тергелуде

200

Түркістан облысында коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратып, жұртты дүрліктірген 3 тұрғынға қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев мәлімдеді.

Әбдіғани Сейдуалиевтің айтуынша, Мақтаарал мен Шардара аудандары және Кентау қаласында осындай 3 дерек тіркеліп отыр. «Бұл тұрғындар коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерге салған. Қазір тергеу амалдары жүруде. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-ші бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген», — деді Әбдіғани Тойшыұлы Полицейдің сөзінше, аталған заң бойынша көрінеу жалған ақпарат таратушыға – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы мүмкін. Не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады, немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі, не бір жылға сотталуы ықтимал.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *