Баспасөз мәжілістері онлайн форматта өтеді

254

Қазақстан Баспасөз клубы бейіндік мекемелердің профилактикаға қатысты ұсынымдарын ескере отырып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына жауапкершілікпен қарайды.

Қауіпсіздікті сақтау және коронавирусты алдын алу мақсатында біз Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы өз баспасөз залдарымызда баспасөз мәжілістерін, брифингтер мен басқа да іс-шараларды онлайн форматта өткізуге көшіп жатырмыз.

Баспасөз мәжілістері Қазақстан Баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында келесі сілтеме арқылы таратылатын болады: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub/?ref=bookmarks.

Журналистер сұрақтарын бейненің астында пікір қалдыру арқылы және вотсаппен- 87017490200 нөміріне қоя алады.

Біздің модератор сұрақтарды спикерлерге шапшаң түрде қоятын болады. Телеарналар үшін қажет болған жағдайда түсірілім шарттары жеке келісіледі.

Баспасөз іс-шараларын өткізуге қоса, біз БАҚ-ты хабарландыру мақсатында компаниялар мен ұйымдардың баспасөз мәлімделері мен ақпараттық хабарламаларын, соның ішінде, мәтіндік ақпарат, фотосуреттер, бейне және аудионы біздің республикалық медиа базамыз арқылы таратуды жалғастырып жатырмыз. Соңғы күндері байқалғандай, қазір бұл ақпараттың саны артып келеді. Осыған орай әлеуметтік маңызға ие ақпаратқа басымдық бере отырып ақпарат ағынымен үлгеру үшін өздеріңіздің таратылымдарыңыз жайлы бізді алдын ала хабарландыруларыңызды сұраймыз.

Қазақстан Баспасөз клубының командасы

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *