Ассамблея наурыз мейрамымен құттықтады

342

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз мейрамы –өзара түсіністікті, мейірімділікті, бірлік пен татулықты және келісімді бейнелейтін айрықша мереке.

Көктемніңшуағы мен үкілеген үміттеріміз рухани жаңаруға ықпал етеді.

Биылғы жылы біз көктем мерекесін үйде, отбасымызбен атап өтеміз.

Біз ел бірлігінің құндылығын, отбасылық бақыттың және жақындарымыздың амандығының маңызын түсініп, Қазақстан халқының біртұтас отбасына жататынымызды, еліміздің болашағы үшін жауапкершілігімізді бұрынғыдан да айқын сезіне бастадық.

Бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтап, ынтымағымызды нығайта отырып, айналадағыларға қамқорлық жасау арқылы біз жарқын болашаққа сенім артамыз.

Ардақты ағайын!

Біз қоғамдық келісімнің арқасында кез-келген қиындықтыиық тіресе еңсере білдік. Бұдан әрі де солай болады. Бұл біздің ортақ тарихымызбен дәлелденген.

Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, қуаныш, бақыт және жақсы үміт әкелсін!

Біздің ортақ үйіміз, Отанымыз — Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған бұл мереке сізге және сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, қуаныш, бақыт пен молшылық әкелсін!

 

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *