Бақыт Сұлтанов: Елімізде медициналық маскалар шығарыла бастады

359

Қазақстан кәсіпорындары медициналық маскалар шығара бастады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Елімізде қорғаныш маскалары мен антисептикалық құралдар өндірісі ашылуда. ТЖ режимінде жедел әрекет ету қажет болған кезде нарыққа кіру де жылдам жүзеге асырылады. Өте жедел. Біздің Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық аккредиттеу орталығымен және Қазақстан стандарттау институтымен бірлесіп қысқа мерзім ішінде «Қорғаныш маскалары. Техникалық талаптар» ұлттық стандартын әзірледі. Қажетті сынақтар өткізіліп, 1 млн данадан астам қорғаныш маскалары сертификатталды», — деп жазды министр Facebook-парақшасында.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *