Ұшақ жолаушылары коронавирусқа тест тапсырмайынша Нұр-Сұлтан қаласына кіре алмайды

102

Ұшақ жолаушылары COVID-19 коронавирусына тест тапсырмайынша елордаға кіре алмайды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналына сілтемемен хабарлайды.

«COVID-19 тестін тапсырмайынша ұшақ жолаушылары Нұр-Сұлтан қаласына кіре алмайды. Ондай адам рейстен түскен соң бірден медициналық стационар қойылған қонақүйге жеткізіледі. Диагнозы таза адам ғана қалаға кіре алады және онда үй карантинінде болады. Анализ талдауы бір күн ішінде анықталады» делінген хабарламада.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *