13 қазақстандық коронавирусты елімізде жұқтырған

155

13 қазақстандық коронавирусты еліміздің ішінде жұқтырған.Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«13 адам COVID-19 вирусын Қазақстанда жүріп жұқтырып алған. 29 адам вирусты шетелден әкелген және 26 адам ұшақта вирус жұқтырғанмен байланыста болған», — деді Дәурен Абаев. Оның атап өтуінше, коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігінде, нақты айтқанда шамамен 80 пайызында ауру белгісі жоқ немесе аздаған тұмау бар.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *