Ала шапанды ағайын айыппұл салуға көшті

164

Өзбекстанда бүгіннен бастап жаңа айыппұл түрі күшіне енді. Төтенше жағдай кезінде әлем жұртшылығы коронавирус індетімен күресіп, қалалар карантинге жабылып, елдегі жағдай қиындаған кезде ел билігі осындай шешім қабылдаған. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы республикалық комиссия мүшелерімен бірлесе отырып ортақ келісімге келді.

23-24 наурызда Ташкенттегі қоғамдық орындар, облыс орталықтары мен шағын аудандарда медициналық маскасыз көшеде жүрген тұрғындарға ауызша ескерту жасалған еді. Ал бүгіннен бастап медициналық маска тақпай көшеге шыққандарға 223 000 сом айыппұл салынады. Аталмыш ережеге бағынбай, заңды қайта бұзғандардың жазасы 669 000 сом көлеміндегі айыппұлды құрайтын болады.

Бексұлтан Нұрланұлы




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *