Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 658 адамға жетті

98

Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 163-ке артып, 658 адамға жетті. Ауру жұқтырғандар елдің 55 өңірінен табылды. Қазіргі уақытта 29 адам сауығып шықты, деп мәлім етті сәрсенбі Ресейдің премьер-министрі Татьяна Голикова.

«Ресейде қазіргі уақытта елдің 55 өңірінде 658 адам коронавирусқа шалдықты. 29 адам жазылып шықты. 112 мың адам оқшауланып, бақылауға алынды», — деді ол. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі екі зертхана 25 наурыздан бастап коронавирусқа тестілеуді бастайды.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *