Консерватория ұстаздары халыққа арнап онлайн-концерттер өткізуде

1563

Коронавирус індетінің елімізде күннен-күнге өршуіне байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі сақтық шараларды күшейтуді және тығырықтан шығуға арналған кешенді жұмыстарды тапсырды. Бұл орайда халықтың мейлінше үйде отыруы маңызды. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі өнер мен спорттың баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы онлайн нұсқаға көшуіне байланысты өз тарапынан бірнеше жобаны қолға алып отыр. Министрлікке қарасты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы осы жобалар аясында қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеуіне, студенттердің, жалпы өнерсүйер қауымның онлайн шеберлік-дәрістерін алуына мүмкіндіктер жасауда.

Әр азаматтың үйде отырып, білімі мен танымын арттыру мақсатында жасалып жатқан шаралардың бірі ­ — #ÓNERONLINE хэштегімен іске қосылды. 2020 жылдың 25-наурызында осы жоба аясында Фэйсбук желісінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Мақсат Медеубектің «Қобыз – Қорқыттан қалған аңыз» атты, 26-наурызда Бауыржан Бекмұханбеттің «Жетісудың оңтүстік шығысындағы күйшілік дәстүрі» тақырыбындағы лекция концерттері өтті. Бүгін 27-наурызда «Халық музыкасы» факультетінің деканы, PhD докторы Ержан Жәмеңкеевтің «Қазақтың домбырадағы әзіл күйлері» атты шеберлік сабағы жоспарланып отыр. Мұндай онлайн лекция-концерттер өз жалғасын таппақ.

#ÓNERONLINE хэштегімен өтетін дәрістерді Мәдениет және спорт министрлігі ( https://www.facebook.com/groups/884732365309226/) және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (https://www.facebook.com/kazakh.national.conservatory/?epa=SEARCH_BOX) Фэйсбуктегі жеке парақшалары мен арнайы ашқан тобына тіркеліп тамашалай аласыздар. Жоғарыда жазылған парақшаларға тіркеліңіздер! Келесі жарияланымдарды күтіңіздер!




One thought on “Консерватория ұстаздары халыққа арнап онлайн-концерттер өткізуде

  1. Дәуіржан

    Бәрекелді.Белгілі күйші,дирижер Арман Жүдебаев басшылық етіп келе жатқан Консерватория ұстаздары өте жақсы істі қолға алған екен.Құтты болсын!Өнеріміз жасасын.Халқымыз бұл қиындықтан аман-есен өтсін!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *