Елордада жатақхана карантинге жабылды

414

Елордада Сәдуақасов көшесі, 18/1 мекенжайында орналасқан жатақхана карантинге жабылды.

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, инфекцияны жұқтырған пациент стационарға орналастырылды. «Онымен байланыста болған адамдар анықталды. Жатақханаға баруға тыйым салынады. Дезинфекция жүргізілді», — делінген ақпаратта. Еске салайық, Нұр-Сұлтанда бұған №2 көпсалалы облыстық аурухана, №1 автобус паркі, «Мейірім» медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан Ұлттық ғылыми онкология орталығы карантинге жабылған болатын. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 271-ге жетті. Оның ішінде елордадағы науқастар саны – 166. Індеттен 18 адам жазылып шықты. Оның 13-і елордада емделді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *