ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ӘН АРНАДЫ

535

   «Хабар» Агенттігі «Ертеңіме сенемін» әнін орындаған эстрада жұлдыздарының бастамасын қолдады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

https://youtu.be/lmoOJ2T2NlM

Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Ержан Максим, Кенжебек Жанәбіл, Динара Сұлтан, Айгүл Иманбаева, Аян Бірбаев, Әли Оқапов, Нағима Есқалиева, Диас Аблаев, Lido, Әлішер Кәрімов және басқа да орындаушылар өз үйлерінде отырып, Роза Рымбаеваның репертуарындағы әнді адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандарға арнау ретінде жаңаша шырқады.

«Дәрігерлер – біздің заманымыздың қаһармандары. Бүгін олар қауіпті инфекцияға қарсы күресте тік тұрып, қиын шайқастың алдыңғы шебінде жанқиярлықпен күнделікті арпалысуда» — делінеді хабарламада.

   «Ән арқылы маңдай терін төгіп, еңбек етіп жатқан әр медицина қызметкеріне алғыс айтқымыз келеді».

Әнін жазған Еркін Ынтықбаев, сөзі Иран Ғайыптікі.

Орыс тіліндегі өлең жолдарының авторы – Алексей Маклай, Диана Самыкен.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Хабар» Агенттігі «Үйденшықпа» атты бейнероликтер циклын, Ибрагим Ескендірдің «Біргеміз» және Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы «Біз — қазақтың баласы» бейнебаяндарын халыққа ұсынған болатын. Қазақстандық домбырашылар «Сарыарқа» күйін бірге ойнады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *