Алматыда арнайы әскери жиындарға қанша адам шақырылады

267

Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев арнайы жиынға шақырылған азаматтардың жұмыс орны сақталатынын айтты.

«Арнайы жиынға шақырылған азаматтардың жұмыс орны, лауазымы сақталады. Жұмыс істейтіндерге жұмысындағы орташа жалақы төленеді. Ал әскерге шақырылған азаматтар жұмыс істемесе, оларға ең төменгі жалақы 42 500 теңге төленеді», — деді басшы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алматыда арнайы жиынға 200 тұрғын шақырылады. Олар 1 ай әскери борышын өтейді.

«Арнайы жиын кезінде әскери міндеттілер өз үйінде тұрады. Таңертең арнайы жиынға келеді. Мемлекет тарапынан оларға түскі және кешкі ас тегін беріліп, жолақысы төленеді», — деді Амантай Өсербаев.

Осыған дейін қорғаныс министрі қазақстандықтардың неге әскерге шақырылғанын түсіндіріп, олардың қандай іспен айналысатынын айтып берген.

2 сәуірде Қазақстан Президентінің әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру туралы қаулысы жарияланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *