Тараздағы блок-бекеттерді атты әскерлер күзетеді

248

Тараздың айналасына қойылған блок-бекеттердің жұмысы  атты әскери патрульдермен күшейтілді. Жауынгерлік кезекшілікке «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы тау-қорық бөлімшесінің әскери қызметшілері мен жауынгерлік аттары  көмектесуде. Кезекші топтардың міндеттері – Тараз қаласына баратын ауыл жолдарын патрульдеу, тексерістен өтпеген автокөліктердің қалаға кіруіне жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Таразда карантин режимі енгізілгеннен кейін, қалаға кіруге рұқсат алмаған автокөлік иелері төте жолдарды әсіресе елдімекен жолдарын пайдалануға тырысуда. Қойылған блок-бекеттерді айналып өту әрекеттерінің жолын кесу мақсатында атпен патрульдеу ұйымдастырылды.

Осы мақсатта «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімі Таразға атты патрульдерін жіберді. Бұл Қазақстан Қарулы күштерінің құрамында әскери бірлік ретінде жылқылармен қамтылған жалғыз бөлімше. Әскери бөлімнің бірегейлігі ретінде оның құрамында тау-атқыштар, тау-кен-қорықшы, жүк көтеру-көлік роталары жұмыс істейтіндігін атап өтуге болады.

Тау-кен-қорықшы бөлімінің орналасқан пунктінен Тараз қаласына отыз жауынгерлік ат бөлінген. Оларды патрульдеу кезінде ұстау үшін Тараз гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінің базасында қора салынып, жем-шөп жеткізу мәселесі шешілді.

Жылқыларды басқару және олармен жауынгерлік кезекшілік шараларын тәжірибелі әскери қызметшілері атқаруда. 91678 әскери бөлімінің командирі майор Еркін Жоламанов атап өткендей, Тараз маңындағы блок-бекеттер аумағында жауынгерлік кезекшілік жұмыстарын атқару үшін бөлімнен ең үздік және барынша дайындалған әскери қызметшілері мен жауынгерлік аттары жіберілген.

— Біздің жылқылар оқытылып, жауынгерлік дайындықтан өтіп отырады. Олар бұйрықтарды түсінеді, у-шудан қорықпайды. Олармен машина өте алмайтын кез-келген жерлерде патрульдеуге болады,-дейді Тау-кен-егерлік ротасының командирі, Тараздағы ат патрульдерінің жұмысын басқарып жүрген аға лейтенант Бекдаир Төлегенов.

Аталған бөлім әскери қызметшілері өткен жылы Монғолиядағы «АрМИ-2019» әскери халықаралық ойындары аясында өткен «ат марафоны» байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық команданың жүлделі екінші орын алуына өз үлестерін қосқан.  Бұл  олардың жоғары кәсібилігін көрсетеді.

— Ат патрульінен басқа, Таразда жеті блок-бекеттің әрқайсысында ішкі істер органдарының өкілдеріне көмек ретінде бір топ әскери қызметшілер тәулік бойы кезекшілік етеді. Сондай-ақ, біздің әскери қызметшілер әскери полициямен бірге қаланың ішінде жаяу тәртіп сақшысы  міндеттерін де атқаруда. Жеке жұмыс фронты – көшелерді дезинфекциялық өңдеумен айналысуда. Бұл жұмыс Қазақстанның барлық оңтүстік аймағы бойынша жүргізілуде, – деп атап өтті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов.

— Бізге жүктелген міндеттердің маңыздылығын түсіне отырып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері өз  жұмыстарын жоғары жауапкершілікпен орындауда. Бұл әрі  әскери қызметшілердің кәсіби және әскери борышы десек те болады,-деді ол.

 

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *