ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 4 МЫҢ ДАНА БЕТПЕРДЕ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

103
Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетпердеден тапшылық жоқ. Өйткені жергілікті аудан тұрғындары ерікті түрде бетперде тігу ісін қолға алып, халыққа көмек қолын созуда. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Елімізде бастау алған «Мейірімді ауылдастар» акциясы аясында Түлкібас аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Тұрар Рысқұлов ауылында халық көп шоғырланатын «Халық банкі», «КазПочта», аудандық орталық емхана және бірқатар ірі сауда орталықтарында ерікті тұрғындар тарапынан тігілген 4000 дана бетперде тегін таратылды.
Игі іске аудан тұрғындары ризашылдықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Бетпердені тарату жұмыстарына аудан әкімдігінің қызметкерлері ат салысты.
Алдағы уақытта дәл осындай игі істер ауданның өзге елдімекендерінде де өз жалғасын табатын болады.



ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *