Алматыда су басу қаупі жоғары 26 учаске анықталды

273

Алматыда су басу қаупі жоғары 26 учаске анықталды.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2019 жылы қаланың аумағында су басу мүмкіндігі жоғары 26 орын анықталған. Бүгінгі күнге дейін 9 учаскеде қауіп жойылса, қалған 17 учаскеде биыл құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

«Соңғы 3 жыл ішінде қала аумағында 380 шақырымнан астам арық жүйесі жаңартылып, 40 шақырымға жуық өзен арналары нығайтылған. Аталған шаралардың нәтижесінде қала аумағындағы су басу жағдайлары 3 есеге төмендетілді. Биылғы су басу кезеңіне қаланың азаматтық қорғау қызметтерінен жинақталған 6481 адам, 1370 техника, 144 су сорғыш, 13 мың қап құм, 70 тонна инертті материалдар дайындалды. Бәрі бақылауда, қажетті күштер мен құралдар толықтай дайын», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Алматыда түнен бері нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды.

https://www.inform.kz/kz/almatyda-su-basu-kaupi-zhogary-26-uchaske-anyktaldy_a3638336




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *