Алматыда ескі рұқсатқағаздар тағы бір күн жарамды болады

149

Ұйымдар мен кәсіпкерлер мегаполис көшелерімен қозғалуға рұқсат алу үшін өтінім беретін infoalmaty.kz порталындағы мәлімет бойынша, бұрын берілген рұқсатқағаздардың мерзімі ұзартылды, оларды 16 сәуір күні де қолдануға болады.

Оның жарамдылық мерзімінің ұзартылуы база толық тексерілмегендіктен болса керек. Себебі өтінім қабылдау кеше түнде ғана аяқталған болатын. Одан бөлек, сайтта бұрын берілген өтінімдердің статусын тексеру мүмкіндігі пайда болды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *