Коронавирусты тұмаудан ажырататын негізгі белгі аталды

177

АҚШ ғалымдары коронавирусты тұмаудан ажырататын негізгі белгіні атады.

Зерттеу нәтижесі бойынша, COVID-19-дың бастапқы белгісі ол — иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Зерттеу авторларының бірінің сөзінше, коронавирус инфекциясының белгілері қарапайым тұмаудың мұрынның бітелуі, шырыштың бөлінуі деген секілді белгілерімен байланысты емес.

 «Осы арқылы коронавирусты маусымдық аллергиядан да ажыратуға болады», — дейді Цинциннати университетінің доценті Ахмад Седагат.

Ғалымдардың сөзінше, иіс сезу қабілеті нашарлап, алайда басқа белгілер анықталмаған күннің өзінде науқас бірден оқшауланып, коронавирусқа арналған тесттен өтуі керек.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы дүниежүзіне тарады. Бүгінде дүниежүзі бойынша 2 182 197 адам COVID-19 жұқтырып, 145 521 адам қайтыс болған.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *