Бақытжан Сағынтаев: “Қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге алғыс айтамын”

177

“Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтамын. «Жаңа Алатау» қорының арнайы есебіне 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түсті. Бүгінде соның 136 млн. теңгесіне көмек көрсетілді. ҰОС және 1-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жалғызбасты аналарға 12 мың азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Арнайы мектептер, интернаттар мен балалар үйлеріне азық-түлік және залалсыздандыру құралдары берілді.

Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істейді. 16 наурыздан бастап шамамен 18 мың өтініш қаралды. Олар мұқтаждарға берілетін азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп, орауға, оны жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ ақпараттық-кеңес беру бойынша да қолдау көрсетіледі.

Бізді алға жетелейтін үміт пен сенім. Қаламыздың қарапайым тұрғындары сол үміт отын жағып, қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр.”- деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *