42500 теңгені қанша адам қайтарып берді?

589

Қазақстанда 164 мыңнан астам адам 42 500 теңгені мемлекетке қайтарып берді. Ал жалпы ТЖ кезінде табысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақы 4,1 млн азаматқа тағайындалған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай хабарлады.

«Елімізде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 192 234 қазақстандыққа 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем тағайындалған болатын. 4 054 417 адамға қазірдің өзінде ол ақша аударылып қойды. 164 730 адам өз еркімен 42 500 теңгені қайтарып берді», — деді ол.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *