Қазақстанда карантин кезінде онлайн ажырасуға 311 өтініш түскен

580

Елімізде карантин кезеңінде egov.kz порталына некені тіркеу туралы 1152 өтініш, ал онлайн ажырасуға 311 өтініш түскен. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай хабарлады.

Оның айтуынша, соттарда некелескендер мен ажырасқандар статистикасы басқаша болуы мүмкін, бұл тек онлайн өтініштердің саны ғана. Ол ажырасқан азаматтар онлайн некені тіркеуге өтініш бере алмайтынын да айтты. Олар АХАТ арқылы өтініш беруі тиіс.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың барлығы да онлайн ажыраса алмайды. Тек балалары мен ортақ мал-мүлкі жоқтар ғана өтініш бере алады. Ал қалған жағдайда сотқа жүгінуі тиіс.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *