Министрлік оқушылардың білімі қалай бағаланатынын түсіндірді

1251

IV тоқсанда оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды өткізу әдістемесі жасалды. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazqazeta.kz.

«Дүйсенбі күні қашықтан оқытудың 4-тоқсанының төртінші аптасы басталады. Жалпы, үш апта бойы оқушыларымыз, ұстаздарымыз жоспарланған жүйеге сәйкес жұмыстарын жасап жатыр. Бұл ұстаздарымызға, оқушыларымызға жаңа тәжірибе болып тұр. Оқу процесі белгіленген тәртіппен оқушылардың, ата-аналардың және педагогтардың технологиялық дайындығына сәйкес, сонымен қатар бірнеше платформа арқылы жүріп жатыр», — деді комитет төрағасы.

Осы ретте ол 1-10 сынып оқушыларына IV оқу тоқсанында бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау қалай өткізілетіндігін түсіндірді.

«Әдістемелік ұсыныс дайын. Ол ұсыныс Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығы бойынша оқушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды өткізу үлгілік қағдиаттарына сәйкес дайындалды. 1-10 сыныптарда апталық жүктемесі 2 және одан артық сағат болатын пәндерде бөлім бойынша 1 жиынтық және 1 тоқсандық бағалау жұмысы, яғни 1 ТЖБ, 1 БЖБ болады. Ал оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндеріннен 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау өткізіледі», — деді Майра Мелдебекова.

Комитет басшысының айтуынша, жаңартылған білім беру бағдарламасына көшпеген 11-сыныпта бақылау жұмысы болады. «1 бақылау жұмысының нәтижесінде тоқсандық қорытынды шығарылады»,- деді ол.




One thought on “Министрлік оқушылардың білімі қалай бағаланатынын түсіндірді

  1. Ару

    Енді БЖБ, ТЖБ жұмыстарын қағазға басып жинаңдар деген дұрыспа? Балалардың жіберген фотоларының сапасы шамалы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *