Алматыда синтетикалық есірткі сатқан адам ұсталды

400

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы прокуратурасымен бірге қала аумағында синтетикалық есірткі затын сатуға қатысы бар топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Бұл жөнінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2020 жылғы 16 сәуірде ҰҚКД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 300 грамм мөлшерінде синтетикалық есірткі сату кезінде Алматы қаласының С. атты тұрғынын ұстады. Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақшаларына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Соңғы кездері Алматы қаласында синтетикалық есірткіні жасырын қолдан жасау және сату фактілері артып отыр. Соңғы уақытта ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі заңсыз айналымының 16 фактісінің жолын кесті.

9 кг астам психотроптық зат пен 986 литр химиялық қоспа заңсыз айналымнан алынды. Үш жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 13 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *