Елімізде 598 мың теміржол билеті кері қайтарылды

683

Қазақстандықтар бір айдан аз уақытта 4 млрд теңгенің теміржол билеттерін кері қайтарған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 7 наурыздан 12 сәуірге дейін қайтарылған билеттердің жалпы саны 598 600-ге жеткен.

Жауаптылардың сөзінше, көрсеткіш әлі де көбеюі мүмкін. Себебі, елімізде төтенше жағдай енгізілген соң, пойыздар тоқтап, вокзалдар жабылған. Нәтижесінде билеттерді қайтару мерзімі тағы 6 айға созылған.

Есеп комитетінің ақпаратына сүйенсек, биылдың бастапқы 3 айында теміржол тасымалынан түсетін табыс 15 пайызға дейін азайып, 20 млрд 600 мың теңгені құраған.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *