Коронавирус: Елордада жағдай тұрақталып келеді

123

Фото: B.Thissen

Мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал.

«Елордада жағдай тұрақталып келеді. Мәселен кейінгі екі күнде айтарлықтай жұқтырғандар аз тіркелді. Бұл алдын алу жұмыстарының арқасы десек болады. Қазір қалда азаматтарды экспрес-тесттерден өткізіп жатырмыз. Егер жұқтырғандар анықталып жатса – ол дұрыс. Яғни, алдын алу жұмыстарын да бұл жағдайда тезірек жүргізе аламыз», — деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында берген сұхбатында. Басқарма басшысының айтуынша мамыр айында елордада коронавирус инфекциясы бәсеңдеуі ықтимал.

«Кейінгі тәулікте жұқтыру бойынша өсім 2,6 пайыздық деңгейде болды. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Коронавирус инфекциясы бәсеңдеп, азаматтарымыз тезірек қалыпты өмірге қайтып келер деген үміттеміз», — деді ол.

inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *