Өзбекстан азаматы тасқын сумен Қазақстанға ағып келген

183

Өзбекстанның бір азаматы су тасқыны кезінде каналдағы сумен Мақтааралға ағып келген. Бұл туралы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов кезекті брифинг барысында мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, өзбекстандық кеше түнде канал жағасынан табылған. Белгілі болғандай, ол өзінің атымен бірге суға ағып кеткен. Сол судың ағысымен ол Мақтаарал ауданының Жеңісті ауылына жеткенде, тұрғындар оны байқап қалған. Сөйтіп оны жабылып жүріп судан шығарып алған. «50 жастағы ер адам Мақтаарал аудандық ауруханасына жатқызылды. Суға батқан адамға «жеңіл түрі» деген диагноз қойылған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген, жағдайы қанағаттандырарлық. Бүгін түсте ол жағдайы жақсарған соң, ауруханадан шығып кеткен. Ол Өзбекстанға кері қайтамын деп түсіндірді», — деді Марат Пашимов. Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде аты өлген бір адам Өзбекстаннан ағып келгені туралы ақпарат тараған болатын.

inform.kz 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *