42500 ТЕҢГЕНІ ЕКІНШІ РЕТ КІМДЕР АЛАДЫ?

314

Төтенше жағдай кезінде табысынан айрылғандарға берілетін 42500 теңгені екінші рет 16 сәуірге дейін өтініш тапсырғандар ғана ала алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Ол үшін қайтадан өтінім жіберудің қажеті жоқ. Жәрдемақы автоматты түрде аударылады. Әлеуметтік төлемнің бірінші айы 16 наурыз бен 15 сәуір аралығын қамтиды. Екінші ай төтенше жағдайдың созылуына байланысты 16 сәуірден 11 мамырға дейін деп көрсетілген.

«Осыған байланысты 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар (әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қашан жасалғанына қарамастан) төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге төлемге екінші айда үміткер бола алады», — делінген хабарламада.




3 thoughts on “42500 ТЕҢГЕНІ ЕКІНШІ РЕТ КІМДЕР АЛАДЫ?

  1. Мадина

    Кеш жарық! 10 сәуір күні тапсырып, 17сіне тағайындалып, 21 сәуірде алдым. Екінші айға ала аламын ба?

  2. beksultan Nurlanuly Post author

    Сәлеметсізбе! 15 мамырға дейін түсуі мүмкін. Күтіңіз

  3. Айгүл

    Мен 16сәуір алдым 42500 Маған екінші шыға ма

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *