Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 02 Желтоқсан, 2020

Есірткі контрабандасы анықталды

Сарыағаш ауданының кезекші бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің бірінен есірткі затын анықтаған. 

Жедел уәкілдер күдікті Өзбекстан азаматын тінту кезінде күртешесінен есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркіледі.  Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 1 грамнан асатын кептірілген марихуана болып шықты. 

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналымнан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды, - деп хабарлады ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. 

693 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз