Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Желтоқсан, 2020

Азамат Асқарұлы жаңа қызметке тағайындалды

ҚР Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Азамат Асқарұлы «QazTrade «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры болып тағайындалды.


Бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен А.Асқарұлы Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Азамат Асқарұлы 1984 жылы Алматы облысында туған. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2009 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін, 2016 жылы Гонконг ғылым және технология университетін бітірген.

Түрлі жылдары «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Қазақстан темір жолы Экспресс» АҚ жұмыс істеді, Гонконг қаласындағы «KTZ Express Hong Kong» ЖШҚ басқарды.

2016-2019 жж. ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болды.

2019 жылғы шілде айынан қазірге дейін ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды.

 

275 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз