Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 15 Наурыз, 2021

Ангинаны емдеудегі 6 қателік

Ангина - қыста суық, аяз кезеңде адам баласының басынан бір рет болса да өтетін ауру.

Ангина (баспа) адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы  тұру қабілеті төмендегенде, яғни имунитет әлсірегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Ал оның белгілері - бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады, дене қызуы көтеріліп (36-38 градусқа), бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді (адам денесі қатты терлеп, тоңып дірілдейді). Сонымен қатар ангина жиі қайталанса, онда ауру созылмалы тонзилитке айналады. 
            Бұл ауруды асқындырып алмау үшін, емдеу барысында қателік жасамауға тырысыңыз! Назарларыңызға ангинаны емдеу кезінде жиі кездесетін қателіктерді ұсынамыз.

Бірінші қателік - жұмысқа бару
Тамағыңыз ауырып тұрса да, температура қатты жоғары еместігін себеп етіп, жұмысқа бара бересіз.Алайда олай істеу қауіпті.  Ангина – ауруы адамнан адамға денесі арқылы берілетін қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Сондықтан да басқаларға зиян келтіруден аулақ болғанымыз жөн. Сіз үшін жұмыстағы әріптестеріңіздің  денсаулығы маңызды болмаса да, өзіңіздің жеке басыңыз үшін үйде жылы төсекте демалғаныңыз  абзал. Егер сіз баспа ауруы кезінде белсенді өмір салтын ұстансаңыз, денедегі иммунитет әлсіреп, бактерияларға қарсы тұра алмай қалады. Соның салдарынан бүйректің  қабынуы – гломерулонефрит, ревматизм және жүрек бұлшық етінің қабынуы –миокардит және қан айналымы бұзылуына әкеп соқтырады. Бактерияларға қарсы тұру үшін иммунды жүйеге күш керек.

Екінші қателік - антибиотиктерді қабылдаудан бас тарту. 
Баспа ауруы кезінде бактерияларға қарсы препараттарды қандай жағдай болмасын қолдануыңыз тиіс. Көптеген адам бұл ауруды жай ғана табиғи вирустардан тұрады деген ой қалыптастырған, алайда ангина жұқпалы бактериялық инфекция болып табылады. Бұл инфекция әдетте А және Б тобындағы гемолитикалық стрептококк әсерінен пайда болады.
Антибиотиктердің көмегінсіз бұдан құтылуыңыз екі талай.

Үшінші қателік - тамағыңызды мойыншалғышпен байлап қою
Осылайша, сіз тамағыңыздағы  қан айналымын бұзып, ісіп тұрған тамақтағы безді одан әрмен асқындырып аласыз.  Мойынсалғыш тамаққа қан құйылуын жоғарылатып жібереді, сол үшін оның ісуі де үлкейеді. Егер ангина уақытында ыстық шарф немесе ыстық картоп буымен ингаляция жасасаңыз, ісінген без тұншығуы мүмкін. Демек бұндай продцедуралар сырқатты әрі қарай асқындырып жібереді.

Төртінші қателік – дәрі қабылдауды тоқтату

Сіз өзіңізді өте жақсы сезінсеңіз де, бұл барлық бактериялардың өлгенін білдірмейді. Егер микробтар толығымен жойылмаса, сіз дәрілерді қабылдауды тоқтатқан сәттен бастап, олар қайтадан көбейе бастайды. Демек біз әлі толық ауруымыздан жазылған жоқсыз.

Бесінші қателік - Бал және таңқұрай тосабы
Қант және басқа да тәттілер бұл бактериялар үшін таптырмас қоректенетін орта. Сондықтан да олардан аулақ болғаныңыз өзіңізге жақсы.

Алтыншы қателік - ангина кезінде тамақты шаю
Ісіп тұрған тамақты әр түрлі әдістер арқылы шаю денсаулыққа зиян келтірмейді, керісінше жақсартады. Әсіресе тұз және сода емдік қасиетке ие, шырышты бетіндегі өлі жасушалар мен бактерияларды алып тастайды. Тіпті ерітіндідегі йод антисептикалық қасиетке ие. Дегенмен бұл ауруды антибиотиктерсіз шаю арқылы емдеу пайдасыз болатын ұмытпағайсыз. 

Білуіңіз тиіс!
Бастапқы сатыда дифтерия деп аталатын өте қауіпті ауру осы ангина тамақ ауруына жасырынуы мүмкін. Сондықтан алдын ала дәрігерге қаралып, қан және анализдер тапсыру қажет. Кейіннен дәрігердің нұсқауымен дифтерия таяқшаларына қарсы арнайы вакцина егу  керек. Вакцина 100 пайыз алдын алмаса да, аурудың ықтималдылығын едәуір азайтады. 

 Мунира  АМИРОВА

"Тұран" университетінің студенті

1013 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз