Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 20 Наурыз, 2021

Осы көктемде өміріңді өзгерт

Мотивация мүлдем болмаған кезде бізге бір нәрсе жасау өте қиын. Онсыз үлкен жоспарлар жоспар болып қала береді және ешқашан іске асырылмайды. Бірақ көктем -  жаңа бастамалар үшін тамаша уақыт. Сізге қалаған нәрсені өзгерту үшін мотивацияның керемет тәсілдері туралы айтып бермекпіз.

1. Әрдайым соңғы нәтиже туралы ойланыңыз. Салмақ жоғалтқыңыз келсе - спорттық режим мен дұрыс тамақтанудан  кейін қандай сұлу болатыныңызды елестетіп көріңіз. Егер,  шет тілін үйренгіңіз келсе – беделді компанияға жұмысқа қалай орналасқаныңызды елестетіңіз. Өйткені, шет тілін білетін сіз үшін барлық есіктер ашық болады.

2. Ойларыңыз бен мақсаттарыңыздың тізімін жасаңыз. Сіз қағаз бетіне түскен алға қойған барлық мақсаттарыңызды көргенде, қайсысына басымдық беретініңізді және қайсысы екінші дәрежелі екенін жақсы түсінесіз. Және жоспарларыңызды тезірек орындауға кірісесіз. Сондықтан, мақсаттарыңыздың тізімін жасауға дәл қазір кірісіңіз.

3. Бәс тігіңіз. Досыңызбен, жарыңыбен, әріптесіңізбен немесе басқа біреумен белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алатындығыңызға сенімді түрде бәстесіңіз. Жеңілгенге арналған шарттар үшін  сіз жоғалтқыңыз келмейтін жағдайларды таңдаңыз. Енді тек қана алға! Сіз берілуге бел буған сәтте бәстің «жазасы» сізді жеңіске ынталандыратын болады.

4. Өзіңізге шартты бәсекелес орнатыңыз. Мысалы, досыңызбен кімнің дене бітімі идеалды параметрлерге тезірек жетеді деп жарысыңыз немесе сіз жұмыста өсуді қаласаңыз, табысты әріптесіңізді таңдап, ол сияқты тіпті одан да көп жұмыс істеуге тырысыңыз. Сізде әрдайым кішкентай жарыс болсын. Бірақ ең бастысы - өзіңді басып озу. Сонымен қатар, жарыстардың ең қиыны да осы.

5. Сіз бір нәрсені дәлелдегіңіз келген адамды үнемі есіңізде сақтаңыз. Өмірде  мұндай эпизодтар барлығымызда болды. Сонымен, қандай да бір себептермен сізге сенбеген адамды есіңізге  түсіріп, осы адамға қателескендігін дәлелдеу үшін өзіңіз жұмыс жасай бастаңыз. Және оның ойы дұрыс емес екенін өзіңізге де, оған да дәлелдеңіз. Біреудің сенімсіздігі кейде бізді төмен түсіреді, ал кейде шабыттандырады.

6. Жайлылық аймағынан (зона комфорта) шығыңыз. Өзіңіздің құлыптанып алған жайлы аймағыңыздан кетуден қорқатын кезде бір нәрсе жасау, өміріңізді түбегейлі өзгерту өте қиын. Әрине, үйдің жанында жұмыс істеу, сізге қамқорлық жасайтын ата-аналармен бірге тұру –  өте ыңғайлы. Бірақ, бір нәрсеге қол жеткізу үшін қиындықтардан қорқуға болмайды.

7. Шабыт іздеңіз. Өзіңізге атақты жұлдызды, кәсіпкерді немесе миллионерді үлгі тұтыңыз. Сіздің өмір жолыңызға  ұқсас жолдан өткен және өмірде барлық нәрсеге қол жеткізу  мүмкін екенін дәлелдеген адамға қарап шабыттаныңыз.

8. Өзіңізді дұрыс адамдармен қоршаңыз. Біздің қалай әрекет ететініміз, біздің құндылықтарымыз бізді қоршап тұрған адамға байланысты. Егер сіз айналаңызда үнемі сізді тоқтатуға тырысатын адамдар ғана өзгермейтінін түсінсеңіз, онда сіз осы адамдармен қарым-қатынастан бас тартуыңыз керек. Табысқа жету үшін табысты, байсалды адамдар арасында болыңыз.

9. Позитивпен қуаттаныңыз. Үнемі мотивацияланған болып жүру  мүмкін емес. Кейде тасыған жігеріміз бен көңіл-күйіміз бізді тастап кетеді және біз біраз уақытқа тоқтап, мақсатымызға қарай жүрмейміз. Сондықтан сізді тек шабыт пен жақсы эмоциялар алатын қуанышты әлем қоршауы керек. Өзгеруден қорықпаңыз!

Дайындаған Айжан Нұртаза

1205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз