Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Мамыр, 2021

Қазалыда құрылыс, жол жөндеу, газдандыру бағытында ауқымды істер атқарылып жатыр

Қызылорда облысының шалғай аудандарының бірі Қазалы ауданы әкімдігі жанынан «Баспасөз орталығы» ашылды. Заманауи талапқа сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген «Баспасөз орталығында» алғаш рет аудан әкімі Мұрат Ергешбаев журналистерге арнап брифинг өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Оған республикалық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифингте аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жыл ішінде атқарылуы тиіс істерді тілге тиек етті.

Аудан басшысы  Қазалыда әсіресе, құрылыс, жол жөндеу, газдандыру бағытындағы ауқымды жұмыстар бар екенін ерекше айтты.

Биыл аудандық маңызы бар 50 шақырым жол мен елді мекенішілік 30 көшені жөндеуге 3,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда аудан орталығындағы 2 көше, Ақтан батыр ауылында 1 көше, Қ.Пірімов ауылында 1 көшені асфальттау жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Әйтеке би кентіндегі Әбілқайыр хан және С.Мұқанов көшелері қайта жаңғыртылып, Қарасақал Ерімбет бұрылысы, М.Мәметова, Р.Бағланова көшелері, Қазалы қаласындағы 10 көшені асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Ауданды газдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда Әйтеке би кенті мен Ғ.Мұратбаев ауылы көгілдір отынға қосылды. Енді аудан орталығына жақын елді мекендер – Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру үшін қаржы бөлініп, жобасы әзірленуде. 

Брифинг барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің сұрақтарын қойып, жауаптарын алды”, делінген хабарламада.  

 

 

1150 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз