- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 26 Сәуір, 2024
Алматының Қарғалы өзенінде жаңа жағалау салынып жатыр
«Қарғалы» жобасы аясында ұзындығы 7,7 шақырымдық өзен жағасындағы ыңғайлы демалыс аймағы құрылады. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Мұнда барлығы 3 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылып, гүл егіліп, көше жарығы тартылып, орындық пен қоқыс жәшігі орнатылады.
Сондай-ақ, балалар мен спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдары бар жаңа қоғамдық кеңістік құру жоспарланған. Балаларға арналған құмсалғыш пен су аймағын, ата-аналарға арналған үстел-орындығы бар демалыс аймағын құру көзделген.
Бұл жұмыс биыл қарашада бітеді. Жаңа жағалау қала орталығындағы бірегей табиғи саябаққа айналады!
Естеріңізге сала кетейік, «Біздің қала – біздің тау, өзен мен көлдер» атты «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының үшінші аптасы өтіп жатыр. Бұл аптада жағалаулар мен су айдындары, саябақтар, скверлер мен тау бөктері тазартылады.
Фото: дереккөзден алынды
86 рет
көрсетілді0
пікір