Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Маусым, 2021

Алматыда "Үйге жол" ізгілік марафоны басталды

Шара аясында кез келген мейірімді жан иесіз қалған ит-мысықты арнайы орыннан асырап ала алады. Марафон талаптарына сәйкес, адамдар қамқорлығына алған үй жануарын қаладағы ветеринарлық клиникада тегін вакцина салдырып, ультрадыбыстық зерттеуден өтуге мүмкіндік беріледі. 

Сондай-ақ дәрігерлерге ақысыз тексертіп, бір жылдық сақтандыруға ие болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдетте үй жануарларын тексеруден өткізу үшін жылына 70 мың теңге шығын шығады. 

Сондықтан қайырымдылық шарасында ит-мысық асырап алса, иелері біраз қаражат үнемдейді. Игі бастамаға Алматыдағы үш орталық қатысып жатыр. Марафон биыл 150 үй жануарын қамтиды. 

Кристина Таран, ветеринарлық медицина орталығының анестезиолог, кардиолог дәрігері:  

- Бағдарламаға қосымша тамақ қоры да кіреді. Онымен қоса кинологиялық мектепте бір ай тегін оқып, үш рет онлайн сабақ алуға мүмкіндік беріледі. Және асырап алған үй жануарымен бірге зоотакси қызметін 5 рет тегін қолдана алады. «Жақсылық жасасаң өзіңе қайтады» ұстанымын негіз етіп алған шараны қолдаушылар көбейеді деген сенімдеміз.

24.kz

 

701 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз