Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Шілде, 2021

Еліміздің екі облысында ХҚО-лар бес күндік жұмыс кестесіне көшеді

БҚО және Маңғыстау облысының ХҚО-лары 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің 2012 жылғы 24 шілдедегі карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының барлық ХҚО-лары 2021 жылғы 26 шілдеден бастап бес күндік жұмыс аптасына өтеді.

Бас санитар дәрігердің осындай қаулысы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында шықты. БҚО мен Маңғыстау облысында жұмыс кестесі сағат 9-дан бастап 18-ге дейін белгіленген. Сенбі және жексенбі күндері аталған облыстардағы ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Клиенттерді тек алдын-ала брондау арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, ХҚО қызметкерлері Ashyq қосымшасы бойынша клиенттердің статусын тексереді. ХҚО-ға кезекті eGov порталы, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414bot телеграм-бот арқылы брондауға болады.

Барлық клиенттерден санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, ХҚО барған кезде бетперде тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз.

 

761 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз