Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Шілде, 2021

Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілті табысталды

Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған дзюдошы Елдос Сметовті қазақстандықтар қошеметпен қарсы алды. Әуежайда Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне автокөлік сыйға тартылды. 

Қазақстандықтар Сметовті әуежайдан шашу шашып күтіп алды. Жанкүйерлер Елдосқа арналған түрлі плакат алып шыққан. Күтіп алушылар арасында спортшының алғашқы бапкері де бар. 

"Міне, нағыз чемпион. Менің алғашқы жаттықтырушым. Кішкентайымнан өз баласындай көріп, алақанына салып өсірген менің бапкерім", - деді дзюдошы. 

Сонымен қатар, әуежайда Елдос Сметовке жаңа автокөліктің кілті табысталды. 

"Алтын" армандап барсам да, бұйырғаны "қола" болды. Оған да қатты қуандым. Өйткені күллі қазақ мен үшінші орын алғанда "Елдостың қоласы бізге алтыннан артық" деп жар салды. Енді міне құшақтарын ашып күтіп алып жатыр. Бұдан артық бақыт бар ма?" - деді Елдос Сметов. 

472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз