Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Шілде, 2021

Оқушылар бірінші тоқсанды қандай форматта бастайды?

Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында оқушылар қандай форматта білім алады? Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаевқа Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдері осындай сауал қойды.

«Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», - деген Жомарт Қарамбаев қалыпты оқу форматына ауысу үшін педагогтерге вакцина алу талабы қойылмайтынын айтты.

«Мұндай талаптар қойылмайды, мұғалімдер ерікті түрде екпе алып жатыр. Ең бастысы, ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек. Сол үшін ұстаздардың 100 пайыз вакцина алғаны жөн болар еді», - деді ведомство өкілі.

Қазақпарат

184 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *