- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 25 Сәуір, 2024
Ақмола облысының Талапкер ауылында екі жаңа жайлы мектеп бой көтереді
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектептердің құрылысын белсенді жүргізуде. Әр мектеп 1200 оқушыға (1 ауысымда) арналған. Бұл туралы Самұрық-Қазына хабарлады.
Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 60% аяқталды. Құрылыс алаңдарында күн сайын 170-ке жуық адам еңбек етеді.
Құрылыс барысында қадалар және инертті материалдардан бастап қасбет және ішкі әрлеу жұмыстарына дейін қазақстандық материалдарды пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.
Мектептерді биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл осы елді мекенде оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Фото: дереккөзден алынды
149 рет
көрсетілді0
пікір