Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Шілде, 2021

Шымкентте карантиндік шектеулер қатаңдатылды

Шымкенттің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қалада эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 1 шілдедегі №20 қаулыға өзгерістер енгізді.

Жаңа қаулыға сәйкес, демалыс және мереке күндері қоғамдық тамақтану объектілері мен жазғы ойын алаңдарының жұмысы тоқтатылады. Жұмыс күндері олардың жұмысына 7:00-ден 20:00-ге дейін ғана рұқсат етіледі.

  • Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пунктілерінің орналасуына қарамастан, жұмыс күндері сағат 10:00-нан 17:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.
  • Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері фуд-корттар, кинотеатрлар, банкет залдары, сауна, курорттық орталықтар, бассейндер, аквапарктер, спорттық ғимараттар, театрлар, компьютерлік клубтар, бильярд және боулинг, цирк, караоке, «Қазпочта» филиалдары, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары мен ашық аттракциондардың қызметіне тыйым салынады.
  • Жұмыс күндері Ashyq қосымшасы арқылы жұмыс істейтін нысандарға сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, ал «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар үшін келу уақыты 22:00-ге дейін ұзартылады.
  • Мұражайлар, кітапханалар, аквапарктер, хайуанаттар бағы, білім беру орталықтары, ашық және жабық базарлар, мектепке дейінгі мекемелер, асханалар, моншалар мен қалааралық тұрақты автобустардың жүруіне және еске алу шараларына тыйым салынады.

Қаулы 2 тамыздан бастап күшіне енеді. Жаңа қаулының толық нұсқасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.

732 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз