Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 03 Тамыз, 2021

TOKYO 2020: Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір өкілі жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда Сәкен испаниялық Габриэль Эскобармен кездескен болатын.

Өте тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетелік, бірінші раундта Сәкеннің жойқын соққысынан кейін қарсыласы нокдаун алған болатын. 

Төрешілер бірінші раундтағы жеңісті Бибосыновқа, екінші раундтағы басымдымқы Эскобарға берді. 

Ал шешуші кезеңде қарсыласына соққыларын дәл тигізген Сәкен Бибосынов жеңіске жетті. 

Осылайша, Сәкен Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдегерлер қатарына қосылып отыр. 

Бибосынов финал жолдамасы үшін таласта британдық Джамаль Яфаимен жұдырықтасады. 

680 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз