Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Тамыз, 2021

Ата-анасы вакцина алмаған балалар балабақшаға бара ма?

Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған балалар балабақшаға кіргізілмейтіндігі жайлы ақпарат жалған.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «ата-анасы COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балалар балабақшаларға кіргізілмейтіндігі» туралы ақпарат тарап кетті. Алайда өңірдің және елдің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларында мұндай талаптар жоқ. ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қауесетті жоққа шығарды.

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі қаулысында мектепке дейінгі мекемелерге баратын бүлдіршіндердің ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар балабақшаларға еш шектеусіз барады», – делінген хабарламада.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 инфекциясымен ауырғандарды қоспағанда, вирусқа вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді деп жазылған. Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының қызметкерлеріне де қатысты. Алайда аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.

1068 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз