Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Тамыз, 2021

Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (52 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Olimpic.kz.

Осылайша бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші қола медаль.

«Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты. Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті» – делінген хабарламада.

 

Айта кетсек, Сәкен Бибосынов 1997 жылы дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Ол қазір әскер қатарында қызмет етеді, ефрейтор. ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубында жаттығады.

732 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз