Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қаржы ағыны мониторингі күшейтілді

Қаржылық мониторинг агенттігі терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы ақша ағынына мониторингті күшейтті. Бұл туралы Агенттік төрағасы Жанат Элиманов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ҚББ басшыларының қатысуымен өткен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобының отырысында мәлімдеді.

Ағымдағы жылы Қазақстаннан Ауғанстанға ақша қаражатының ағыны 68%-ға төмендегені байқалады. Ақша аударымдарының негізгі бөлігі алдымен қажетті тауарлар экспортымен және көлік қызметтерімен байланысты.

Тәуекелдерді азайту үшін Ауғанстанмен барлық ақша аударымдарына жоғары тәуекел деңгейі берілді. Бұл бағытта елдер арасында ақша қаражатын аударуды жүзеге асыратын қаржылық мониторинг субъектілеріне бақылау күшейтілді.

 

inform.kz

 

682 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз