Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Тамыз, 2021

12 әскери қызметші зардап шекті

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жаралыс салдарынан 12 әскери қызметші зардарп шекті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті.

«Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасынан шыққан өртті сөндіру жалғасып жатыр. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Оқ-дәрінің бұл түрі жарылыс жасауға арналған және алысқа ұшатын снарядтары жоқ. Сондықтан жарылыс салдарынан жарықшақтар мен оқ-дәрі бөлшектері ұшқан жоқ. Жарылыстар негізінен толқын сипатында, қатты дыбыстар шығып, жалыны қатты болады», - деп атап өтеді ведомстводан. Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 12 әскери қызметші туралы ақпарат бар. Аталған әскери бөлімде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге эвакуацияланып, орналастырылған.


 

543 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз