Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Тамыз, 2021

Жарылыстан зардап шеккен 2 адамның жағдайы ауыр

Жамбыл облысының төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері өңірде болған жарылысқа жұмылдырылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін: - 109 телефон нөмірі; - 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. Сонымен қатар, 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады. Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды. 26 тамыз сағат 23.30-дегі жағдай бойынша 51 азамат Тараз қалалық №1 ауруханасына жеткізілсе, 10 азамат Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і азамат ауыр жарақат алғандар. «Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

 

345 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз