Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Тамыз, 2021

Қырғызстан президенті Тоқаевқа көңіл айтты

Президент Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әскери бөлімдегі жарылыстан адамдар қаза болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Kazgazeta.kz  Қырғызстан президенті сайтына сілтеме жасап.

"Адам өліміне әкеп соққан жарылыс туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қырғыз Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қайғылы оқиғаларға байланысты зардап шеккендер тезірек сауығып кетуін тілеймін. Біз орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз", - делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

 

835 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз