Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Тамыз, 2021

Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді

27 тамызда Ыстамбұлда УЕФА Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің бұл кезеңінде Қазақстан атынан алматылық «Қайрат» өнер көрсетеді. Жеребе алдында алматылықтар УЕФА-ның клубтық рейтингісіндегі орнына сәйкес үшінші себетке жайғасты.

Командалар рейтингтегі орындарына байланысты төрт себетке бөлінді:

1-себет: «Рома» (Италия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Базель» (Швейцария), «Славия» (Прага, Чехия), «Копенгаген» (Дания), «Гент» (Бельгия), АЗ (Нидерланды), ЛАСК (Австрия)

2-себет: «Фейенорд» (Нидерланды), «Карабах» (Әзірбайжан), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), ПАОК (Греция), «Ренн» (Франция), «Партизан» (Белград, Сербия), «ЧФР Клуж» (Румыния), «Заря» (Луганск, Украина)

3-себет: «Унион Берлин» (Германия) , ЦСКА (София, Болгария), «Витесс» (Нидерланды), «Слован» (Братислава, Словакия), «Яблонец» (Чехия), «Алашкерт» (Армения), «Флора» (Эстония), «Қайрат» (Алматы, Қазақстан)

4-себет: «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар), «Раннерс» (Дания), «Омония» (Кипр), «Анортосис» (Кипр), ХИК (Финляндия), «Маккаби» (Хайфа, Израиль), «Буде-Глимт» (Норвегия), «Мура» (Словения).

Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады. Шараны мына СІЛТЕМЕ арқылы тікелей эфирде көруге болады.

528 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз