Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қыркүйек, 2021

Ерлан Қарин Жолдау туралы пікір білдірді

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауына қатысты пікір білдірді.

«Жалпыұлттық бірлікті бекіте түсу мен жүйелі реформаны одан әрі жалғастыра түсу Президенттің биылғы Жолдауында өзекті орын алды. Мемлекет басшысы бұл жолы да осыған дейінгі Жолдауында қозғалған саяси реформаларға басымдық берді. Нақты айтқанда, ол Қазақстанның саяси реформасының 4-і пакетін ұсынып отыр. Толығырақ тоқталсақ, депутаттық мандатты бөлгенде 30 пайыз квотаны әйелдер мен жастарға теңдей бөлуді заңмен бекіту міндетін қойды. Бұрын бұл талап тек партия атынан сайланған депутаттарға қатысты болған. Ендігі уақытта талап депутаттық мандатты тағайындау кезінде де ескерілетін болады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы партия атынан сайлауға түсетін кандидаттардың қатарында ерекше күтімді талап ететін жандардың болуын ұсынды», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram каналында.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жүктеген жаңа міндеттер мен тапсырмаларды орындауда мемлекеттік аппарат пен қоғам бірлесіп әрекет еткені жөн.

«Сонымен қатар, Жолдауда Президент ауыл тұрғындарының азаматтық бастамасына қолдау көрсетудің тиімді механизмін әзірлеуді тапсырды. Сол сияқты әйелдердің қоғамдағы саяси және экономикалық позициясын барынша қолдап, қамту. Одан бөлек, Мемлекет басшысы адам құқығы мәселесіне ерекше тоқталып өтті. Бұл бағытта мемлекет қылмыстық процесс, полиция қызметі моделін кеңейту, құқық қорғаушылардың да құқығын қорғау мәселесіне аса мән беруі тиіс. Адам құқығы саласындағы өзекті мәселердің қатарында балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықты жою мен синтетикалық есіркімен күресте жатады», - дейді ол.

 

inform.kz


 

680 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз