Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Сәуір, 2024

«Таза Қазақстан» акциясына 1 000 000-нан астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының үшінші аптасы аяқталды.

«Жасыл аймақ» апталығы аясында бүкіл ел бойынша 330 мыңнан астам көшет отырғызылып, 500-ден астам саябақ мен алаң абаттандырылды.

Астанада Мемлекет басшысы волонтерлер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, креативті индустрия және ғылыми зиялы қауым өкілдерімен бірге ағаш отырғызды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-27 сәуір аралығында аймақтарда 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 1 млн-нан астам адам қатысты.

29 сәуір мен 4 мамыр аралығында қарттар үйі, ардагерлер, жұмыс барысында қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы тұратын үйлер аумағын абаттандыруға бағытталған «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы жоспарлануда.

Іс-шаралар Жамбыл облысында – 29 сәуірге, Алматыда – 30 сәуірге, Ақтөбе облысында – 1 мамырға, Шымкентте – 2 мамырға, Қостанай облысында – 3 мамырға, Түркістан облысында және басқа өңірлерде – 4 мамырға жоспарланған.

Жастар ресурстық орталықтары, ұйымдар, волонтерлік қоғамдастықтар акция шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады.

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз